Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Менің отбасым, Эссе
Менің отбасым
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан.
Мен бақыттымын! Себебі менің отбасым қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам бар. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз. Бұлай деуімнің себебі, біз әрдайым сыйластықпен және бауырмашылдықпен бірге қиындықты жеңеміз. Мен отбасымның осы қалпынан тоймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын!

Қызылорда облысы
№ 235 К. Қаракөзов атындағы орта мектеп
2 «Б» сынып оқушысы Пернебай Аяжан
Сынып жетекшісі Салманова Тұмар Рахымбайқызы

Менің отбасым, Эссе. жүктеу

You Might Also Like

Новости

Реклама