Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 22 апр. 2026 05:00
- 26
Меруерт Түсіпбаева мен Ләйлә Сұлтанқызы арасындағы дау: "Тістерің әртістерге ғана бата ма?"
Әнші Меруерт Түсіпбаева мен журналист Ләйлә Сұлтанқызы арасындағы пікірталас әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Даудың туындауына Меруерт Түсіпбаеваның журналист Ләйлә Сұлтанқызының өнер адамдарын есірткіге тексеру туралы ұсынысына берген жауабы себеп болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Меруерт Түсіпбаеваның наразылығы
Меруерт Түсіпбаева өнер иесі ретінде журналисттің бастамасын сынға алып, қоғамда басқа да маңызды мәселелер бар екенін алға тартты. Ол өнер адамдарына ғана назар аударудың себебін түсінбейтінін айтып, Ләйлә Сұлтанқызына былайша сауал тастады: "Мемлекетте басқа мәселе жоқ па? Халыққа бұдан не пайда, Ләйлә? Біздің елде басқа мәселе жоқ па? Тістерің тек өнер адамдарына ғана бата ма? Біресе Меккеге барған өнер адамдарына, біресе ажырасқан әртістерге, енді олардың есірткі қабылдауын тексеру қалды ма? Мықты болсаңдар басқа мәселені неге көтермейсіңдер? Халқыма пайдалы мәселе жоқ па? Бітті ме? Әртістің көрпесін көтеру ғана қалды ма?" – деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Ләйлә Сұлтанқызының жауабы
Журналист Ләйлә Сұлтанқызы бұл сынға жауап беріп, мәселенің тек өнер адамдарына қатысты емес екенін, жалпы қоғамға әсер ететін тұлғалар туралы екенін атап өтті. Оның айтуынша, әңгіме жастар мен балалардың денсаулығына да қатысты. "Меруерт жалпы не айтылғанымен, басқамен таныс болдың ба? Жастардың, балалардың арасындағы жағдай сені мазаламай ма? Денсаулықтары мазаламай ма? Әлде олар маңызды емес пе? Әңгіме жалпы танымал адамдар туралы және Түркиядағы жағдай мысалға алынған тұғын. Қоғамға әсер алатындар туралы, күрестің жан-жақты болуы туралы. Жаны, тәні, денсаулығы тазалар ештеңе ойламайды, керісінше бірге күрседі. Айналадағы ласпен", – деп жауап берді Сұлтанқызы.
Даудың жалғасы
Меруерт Түсіпбаева бұл жауапқа да қанағаттанбай, тек өнер адамдарын ғана емес, барлық саладағы адамдарды тексеру керектігін айтты. "Басқа саладағы адамдар судай таза, сонда әртістер ғана шөп шеге ме? Онда толығымен барлығы тест өтсін", – деп пікірін білдірді әнші.