- 24 янв. 2017 00:00
- 281
Металдарды құю технологиясы
Шымкент аграрлық колледжінің
Э-161 тобының оқушысы: Нартан Дәулетқали
Жетекші: Айтмырзаев Тоғысбай
Металлдарды құю технолгиясы
- Материалдардан бұйым жасаудың негізгі тәсілдерінің бірі – құю өндірісі.
- Металлдарды құю процесі деп арнаулы пештерде балқытып жасалатын бұйымның пішініне сәйкес арнаый қалыпқа құйып бөлшекті алуды айтады.
- Құюдың бірнеше тәсілдері бар.
Құю өндірісінде қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар
- Сұйықтай аққыштық – балқыған күйінде қалыптың ең жіңішке жерлерін толтыра алу қабілеті.
- Болмашы шөккіштік – сұйық күйден қатты күйге көшкенде көлемінің мейлінше аз өзгеруі.
- Газ сіңіргіштік – сұйық күйіндегі металлдардың газдарды нашар ерітетін қабілеті.
- Металлдардың біркелкілдігі.
- Балқу темпаратурасының төмендігі.
Құйма өндірісінің кезеңдері.
- Модельдер мен өзектерге сәйкес жәшіктер жасау.
- Модельдер бойынша құйма қалыптарын жасау.
- Металлды балқыту және қалыптарға құю.
- Құймаларды қалыптан алу.
- Құймаларды тұқырту және тазалау.
- Қажетті термиялық және механикалық өңдеуді жүргізу.
Модельді және өзекті жасау.
- Модель – болашақ бөлшектің сыртқы пішіні мен өлшемінберетін және қалыптан оңай алынатын макет.
- Өзекше – болашақ бөлшектің ішкі қуыстарының пішіні мен өлшемін беретін макет.
1 – бөлшек, 2 – модель, 3 – өзекше, 4 – өзекшенің қалыбы.
Қалып жасау процесі
- Қалып жасау процесі әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі. Қарапайым және ірі бөлшектер қалыптау цехының еденінде жасала береді.
- Опока қалып жасауға арналған жәшіктер. Олардың саны бөлшектің күрделілігіне қарай біреу немесе бірнеше болуы мүмкін.
Модельдің бір жартысын 2 және опоканың бір бөлігін 3 тегіс плитаға 1 орналастырады.
Модельдің бетін ажыратқыш ұнтақтармен себелейді.
Опоканы қалып жасау қоспасымен толтырады.
Опокадағы қалып жасау қоспасын нығыздайды.
Дайын болған опоканың бір бөлігін аударып, модельдің екінші жартысын 4 және опоканың екінші бөлігін орналастырады.
Сұйық металлды құю тесігін және газдардың шығар аузын жасау.
Опокаларды жинастыру және сұйық металлды құю.
Дайын бөлшекті қалыптан шығару, тазалау және қажетті механикалық өңдеулерді жүргізу.