Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қызанақ өнімдерін өндіру технологиясы

Шымкент аграрлық колледжінің
КТК9-151 тобының студенті: Өмірзақова Сымбат
Ғылыми жетекшісі: Нышанбай Қайрат Өсербайұлы

 

Мақсаты: "Қызанақ  өнімдерін зерттей отырып оның емдік қасиеттерін және оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарын зерттеп  және насихаттау."

 

Аннотация

Бұл ғылыми-шығармашылық жұмыста қызанақтан жасалатын өнімдерінің технологиясы және олардың емдік қасиеттері және  адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарын насихаттау. Ғылыми шығармашылық жұмыс жоспар, кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден, 12 бетен тұрады.

Кіріспе

Қызанақ  (лат. Solanum lycopersicum) – жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде «помидор»  атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.

Зерттеу бөлімі

Қызанақ шырынын дайындау технологиясы.

Қызанақ шырыны - құрамында крахмал және концентрантты қант болмаса, ең пайдалы әрі құнарлы. Қоспасы жоқ сусын құрамында магний, кальций, натрий, минералды заттар, А,В,С,К,РР дәрумендері және шырын алма, лимон, қымыздық қышқылы бар. Жазда бұл сусын шөл қандырса, қыс мезгілінде бойдағы температураны бір қалыпта ұстауға ықпал етеді. Шырын жүрек қантамырлары мен бойдағы қан айналым жұмысын жақсартады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Тері қабатын жұмсартып, шаш, тырнақ өсіміне тікелей ықпал етеді. Қызанақ пен оның шырынының құрамында ликопин бар. Ол ағзаны зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Сондай-ақ, қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ шырыны анемия, көз аурулары, жүйке ауруларының алдын алады. Алайда, қайнатылған немесе консервантты қызанақ шырынының пайдасына қарағанда, зияны көбірек. Оны көп мөлшерде пайдалану өт және бауыр жолдарында тастардың жиналуына жол береді. Сондықтан да, жарамдылық мерзімі үш айдан асатын шыны ыдыстағы қызанақ шырынына көп әуестене бермеңіз. Асқазан ауруларына шалдыққан жандарға қызанақ шырынын көп мөлшерде қолдануға болмайды. Әсіресе, асқазан жарасы, гастрит, панкреатит ауруларымен ауыратын жандар үшін қызанақ шырыны қауіпті болуы мүмкін. Қызанақ шырынын үйде жасауға болады. Ол үшін қып-қызыл болып піскен, қатты қызанақтарды жуып, оны сыртқы қабатынан ажыратып алыңыз. Екіге бөліп, шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын шырынға бір шәй қасық тұз қосып, оны 10-15 минуттан кейін пайдалануға болады. Сондай-ақ, қызанақпен бірге шырынсыққышқа алма, лимон, асқабақ, сәбіз қосуға болады. Араласқан шырын да пайдалы келеді. Күнделікті таңертең және ұйықтар алдында 1 стақан қызанақ шырынын ішкен абзал. Таңертең шырын адам бойына сергектік бітірсе, кешкілік жанға тыныштық сыйлайды. Қызанақ шырынын ас алдында да ішуге болады. Алайда, оны құрамында көп мөлшерде ақуыз кездесетін тағамдармен араластырмаған жөн. 

Көк қызанақтан қыстық салат жасау технологиясы.

Қызанақ қызған күннің арқасында қызаратындықтан, күн суй келе біршама бөлігі көк күйінде қалып кетеді. Көк қызанақтан жасалынған салатты дайындау үшін бізге керек өнімдер: 5 кг көк қызанақ, 1,5 кг сәбіз, 1 кг тәтті болгар бұрышы, 300 гр сарымсақ, тұз, шекер, дөңгелек қара бұрыш, 3-4 дана лавр жапырағы, сірке суы, 200 гр өсімдік майы, аск өк; Ең алдымен қызанақтарды тазалап жуып, майдалап тураймыз. 

Сосын сарымсақты аршып, тураймыз. Болгар бұрышын тазалап, тураймыз. Сосын көлемді шараға сірке суынан басқасының бәрін араластырамыз. 
Одан соң отқа қоямыз. Қыстық салат болғандықтан көп қайнатудың қажеті жоқ, шамамен 5-10 минуттай ғана қайнатып,оттантүсіріміз.
Банкаларды залалсыздандырып, ыстықтай салатты саламыз. Салып болғаннан соң ең үстіне 1 ас қасық көлемінде сірке суын құйямыз. Сірке суы жабылған банканың атылып, яғни салаттың ашып кетпеуіне жағдай жасаймыз. 

Қуырылған қызанақ

Піскен қызанақты жуған соң, оны көлденең екі бөлікке бөліп, тұз және бұрыш себу қажет. Кесілген қызанақтарды кесілген жағын бетіне қаратып табаға  салып қуырады. Қызанақтар қызара бастаған кезде екінші бетін аудырып қуырады. Дайын қызанақты жеке тағам ретінде немесе ет және балық тағамдарына гарнир ретінде де пайдалануға болады.

Қызанақ тұздау

Қызанақтардың барлық түрлерін (көк, шала піскен, піскен) де тұздауға болады, тек қызанақтың әр сортын бөлек тұздау керек. Ол үшін қызанақтарды іріктеп, зақымданғандарын бөлек алады. Іріктеліп алынған қызанақтарды тазалап жуып, алдын-ала дайындалған ағаш кеспекке салады. Әрбір қатарына укроп, шие, немесе қарақат, сарымсақ жапырақтарын жауып отырған дұрыс. Қызанақты ағаш кеспекке салған кезде оқтын оқтын тығыздап отыру қажет, сосын бетіне ертерек дайындалған тұздық (10 л мұздатылған қайнаған суға 700-900 г тұз) ұқйылады. Қызанақ пісіп кеткен немесе ірі болса, соғұрлым тұздық ащылау болғаны дұрыс. 40-50 күн өткеннен кейін ол пайдалануға келеді. 10 кг қызанаққа: 150 г укроп, 15-20 г бұрыш, 100- 120 г қарақат немесе шие жапырағы және 50-70 г желкек жапырағы қажет.

Қызанақтан икра жасау технологиясы.

Керекті өнімдер: Қызанақ- 3 кг, Сәбіз- 2 кг, Пияз - 1 кг, Өсімдік майы- 400-500 г, Сірке суы 9% - 2-3 ас қасық, тұз  - 3 ас қасық, қара бұрыш - 1ас қасық, Лавровый лист - 5 шт.
Ең алдымен керекті азық-түлікті дайындаймыз. Банкілерді зарарсыздандырып, тазалаймыз. Сосын көкеністерді тазалап аламыз. Пиязды тазалап, ұсақтап тураймыз. Сәбізді тазалап, жақсылап жуып, тураймыз. Енді қызанақты жуып, ет турағыштан өткізіп араластырамыз. Өсімдік майын, тұзды, қара бұрыш және лавр жапрағын қосып араластырамыз.
Қайнатамыз. Баяу отта  1,5-2 сағат жабық күйінде араластырырамыз. Содан кейін сірке суын қосып араластырамыз. Бірден атылып кетпес үшін зарасыздандырылған банкілерге жабамыз.

Қызанақ пен қызанақ өнімдерінің емдік қасиеті мен адамға пайдалы жақтары.

Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды, далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне, осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Соның бірі - қызанақ.

Қызанақтың құрамы В1, В2, В5, В6 және А, Е, С сияқты дәрумендерге бай. Қызанақты үнемі пайдалана отырып, иммундық жүйені нығайтып, жүрек қызметін жақсартып, ас қорытуды реттеп, холестеринді азайтуға болады.
Псориаз, экзема сияқты түрлі тері аурулары кезінде күніне қызанақтың, кем дегенде біреуін жеу керек. Содан кейін теріде оң өзгеріс болады. 
Қышқылдылығы төмен гастрит және асқазан жарасы кезінде күнде жаңа піскен қызанақ шырынын тұз қоспай ішуге болады. Оны күніне үш рет, жарты стақаннан тамақтан кейін қолдану қажет. Емдеу курсы екі аптаға созылады.
Жаңа піскен қызанақ рационыңызға енгізілген болса, күйзеліс және нашар көңіл күйді оңай еңсеруге болады. Қызанақтың құрамында серотонин, яғни, бақыт гормоны бар. Осы гормон жеткілікті мөлшерде бөлінбеген жағдайда адам күйзелістік күйге тез түседі. Сондықтан, қызанақ жүкті әйелдер үшін өте пайдалы.
Қызанақ катарактаның алдын алады. Егер қызанақты сүйіп жесеңіз, көзіңіз жас ұлғайғанда пайда болатын катарактадан қорғайды. Өйткені, қызанақтың құрамында В2, рибофлавин дәрумендері бар. Ал арнайы зерттеу жүргізген мамандар бұл дәрумендерді қолданатын адамдар көз ауруының осы түрінен зардап шекпейтіндеріне көз жеткізген.
Қызанақтың құрамында бета-каротиннің көп болуына байланысты қызанақты тағамдарды жиі қолданатындар көздерінің өткірлігімен мақтана алады.

Қызанақ шырыны - құрамында крахмал және концентрантты қант болмаса, ең пайдалы әрі құнарлы. Қоспасы жоқ сусын құрамында магний, кальций, натрий, минералды заттар, А,В,С,К,РР дәрумендері және шырын алма, лимон, қымыздық қышқылы бар. Жазда бұл сусын шөл қандырса, қыс мезгілінде бойдағы температураны бір қалыпта ұстауға ықпал етеді. Шырын жүрек қантамырлары мен бойдағы қан айналым жұмысын жақсартады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Тері қабатын жұмсартып, шаш, тырнақ өсіміне тікелей ықпал етеді. Қызанақ пен оның шырынының құрамында ликопин бар. Ол ағзаны зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Сондай-ақ, қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ шырыны анемия, көз аурулары, жүйке ауруларының алдын алады. Алайда, қайнатылған немесе консервантты қызанақ шырынының пайдасына қарағанда, зияны көбірек. Оны көп мөлшерде пайдалану өт және бауыр жолдарында тастардың жиналуына жол береді. Сондықтан да, жарамдылық мерзімі үш айдан асатын шыны ыдыстағы қызанақ шырынына көп әуестене бермеңіз. Асқазан ауруларына шалдыққан жандарға қызанақ шырынын көп мөлшерде қолдануға болмайды. Әсіресе, асқазан жарасы, гастрит, панкреатит ауруларымен ауыратын жандар үшін қызанақ шырыны қауіпті болуы мүмкін. Қызанақ шырынын үйде жасауға болады. Ол үшін қып-қызыл болып піскен, қатты қызанақтарды жуып, оны сыртқы қабатынан ажыратып алыңыз. Екіге бөліп, шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын шырынға бір шәй қасық тұз қосып, оны 10-15 минуттан кейін пайдалануға болады. Сондай-ақ, қызанақпен бірге шырынсыққышқа алма, лимон, асқабақ, сәбіз қосуға болады. Араласқан шырын да пайдалы келеді. Күнделікті таңертең және ұйықтар алдында 1 стақан қызанақ шырынын ішкен абзал. Таңертең шырын адам бойына сергектік бітірсе, кешкілік жанға тыныштық сыйлайды. Қызанақ шырынын ас алдында да ішуге болады. Алайда, оны құрамында көп мөлшерде ақуыз кездесетін тағамдармен араластырмаған жөн. 

Қорытынды

Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды.
Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.

Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Соның бірі - қызанақ. Қызнақты өз ауламызда егіп оны күтіп неге оның жемісін жемеске! Қайнатсаң - Томатың, Турасаң - Салатың. Жесең - Тамағың! болатын қызанақты неге  пайдаланбасқа. Қазіргі кезде қызанақтан неше түрлі өнімдер алуға болады. Қысқа неше түрлі азық дайындауға болады. Сондықтан ата - бабамыз "Қолда бардың қадірін-біл" деп бекер айтпаған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Көкөністер: Дидактикалық материал.- Алматы, 2011. - 16 б
2. www. kk.wikipedia. kz
3. www. massaget.kz
4. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл.


You Might Also Like

Новости

Реклама