Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 27 мар. 2026 10:01
- 30
"Мобилограф ертіп келмеңіздер!" Жазира Байырбекова той қонақтарына ескерту жасады
Танымал дуэт Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбектің тойы өтті. Той иесі Жазира Байырбекова желідегі парақшасында тойдың естелік сәттерін бөлісіп, қонақтарға арнап жазған хабарламасын жариялады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің айтуынша, той кешкі сағат 17:00-де басталады және уақытында келу маңызды. Сонымен қатар, Жазира Байырбекова тойға келген қонақтардан «мобилограф пен видеографсыз келулерін» сұрады. Оның себебі – тойдың барлық сәттері кәсіби мамандар тарапынан түсіріліп, дайын фото және бейнематериалдар ұсынылатыны туралы айтылған.
Тойға арналған ерекше талаптар
Әнші қонақтардың түсіністікпен қарауын өтініп, арнайы ескертуді жариялады. Бұл шара тойдың реттілігін сақтап, кәсіби деңгейде ұйымдастыруға бағытталған.
Ұлан-асыр тойға қазақ эстрадасының бірқатар жұлдыздары да қатысып, өнер көрсетті.