Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
Мөлдір Әуелбекова 10 жылдан кейін бұрынғы күйеуіне кешірім берді

Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі Арыстанмен арадағы 10 жылға созылған ренішін сейілтіп, кешірім бергенін мәлімдеді. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің айтуынша, Салтайдың әкесі хабарласып, өткен-кеткенге кешірім сұраған. Ол баласына әке болып, қамқорлық жасайтынын және барлық шығындарын өз мойнына алатынын айтқан.

«Кештім... Алла үшін... Ұлым үшін... 10 жылға созылған ренішім сейілгендей болды. Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім - сіздерге рақмет», - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы кәсіпкер Арыстанға тұрмысқа шыққан болатын.

Новости

Реклама