Photo: Vika Glitter (https://www.pexels.com/@vika-glitter-392079) / Pexels
- 15 апр. 2026 06:30
- 32
Мөлдір Әуелбекова 10 миллион теңгеге жуық заты бар екі чемоданын жоғалтып алды
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова шетел сапарынан оралғанда екі үлкен чемоданының жоғалғанын айтып, жанкүйерлерін елең еткізді. Ішінде 10 миллион теңгеге жуық бағалы заты бар екенін айтқан әнші, бұл жағдайға қатты күйінгенін жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шығынға ұшырап, көз жасын бұға алмай қалды
Әншінің айтуынша, жоғалған екі чемоданында бренд сөмкелер, аяқкиімдер және өзімен бірге алып жүретін алтын салатын қорабы да болған. Бұл жағдайдан кейін әнші «бір жылап алдым» деп, көз жасын сүртіп, алдағы гастрольдік сапарына шығып кеткенін айтты. Ол көрермендерінің қолдауымен көңілін көтеруге тырысқанын жеткізді.
Жүк табылып, қуанышқа кенелді
Арада екі күн өткен соң, Мөлдір Әуелбекованың қуанышты жаңалығымен бөлісті. Оның жоғалған екі чемоданы Бангкок әуежайынан табылып, Алматыға жеткізілген. Әншінің айтуынша, заттарының ешқайсысы жоғалмаған, бәрі орнында болып шықты.
«Алақай! Екі чемоданым Бангкоктан табылды! Алматыға жеткізілді! Жоғалғанда зекет, садақам түгел, неге бұлай болды екен деп, сан түрлі ой мазалап еді… Енді, ашып қарасам бір де бір затым жоғалмаған! Барлығы орнында! Қуанып отырып ішіндегі біраз затымды тараттым! Аллаға сансыз шүкір!» – деп жазды әнші.
Осылайша, әншінің жүк мәселесі сәтті шешіліп, ол шүкіршілік айтып, қуанышын жанкүйерлерімен бөлісті.