Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 26 мая 2026 06:00
- 14
«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Тұрсынбайұлы: «Әкемнен 4 жасымда, анамнан 17 жасымда айырылдым»
«МузАрт» тобының белгілі әншісі Кенжебек Тұрсынбайұлы қасиетті Меккеге бауырымен бірге сапарлап, өмірдегі ең жақын адамдарын еске алды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Әншінің айтуынша, әкесінен 4 жасында, анасынан 17 жасында айырылған. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Әкемнен 4 жасымда, анамнан 17 жасымда ерте айырылдым. Сол кісілердің үмітін ақтай алдым ба, білмеймін... Осы екі жақын адамның атынан ниет етіп, бауырыммен бірге киелі Меккеге келдік. Баршаңызға дұға жасадық. Алла қабыл етсін», - деп жазды Кенжебек Тұрсынбайұлы.