Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
«Назарбаевтар әулетінің зиратында жаңа қабір пайда болды» Ескі Қазақстан Сара Алпысқызының қайтыс болғанын жасырып отыр ма?

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызының қазасы туралы ақпаратты баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ресми түрде жоққа шығарғанымен, кейбір ақпарат құралдары бұл мәліметті жоққа шығаруға асығар емес.Бұл туралы Infohub.kz хабарлайды.

Orda.kz порталының хабарлауынша, Алматы облысындағы Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің зиратында жаңа қабір пайда болған. Журналистер көрген қабірде ешқандай жазу болмағанымен, ол марқұм Болат Назарбаевтың бейітімен қатар орналасқан. Бұл жағдай Сара Алпысқызының өмірден озғаны туралы болжамды күшейтіп отыр.

Бұдан бөлек, 16 мамыр күні Алматы қаласының жоғарғы бөлігінде орналасқан Назарбаевтар отбасының резиденциясы маңында полиция мен күзет қызметі күшейтілді. Мұхаммед Хайдар Дулати көшесі уақытша жабылып, резиденцияға кіріп-шығып жатқан көліктер, соның ішінде мәйіт таситын көлікке ұқсас бірнешее арнайы көлік байқалған. Оқиға орнында болған Orda.kz тілшілерінің айтуынша, бейресми киімдегі күзет қызметкерлері олардан барлық фото және видео материалдарды өшіруді талап еткен.

Дегенмен,қазіргі таңда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған. Сара Алпысқызының нақты жағдайына қатысты әлі деректер жарияланған жоқ.

You Might Also Like

Новости

Реклама