Photo: cottonbro studio (https://www.pexels.com/@cottonbro) / Pexels
- 13 янв. 2026 14:03
- 20
Омар Жәлелдің бұрынғы әйелі: «Екі әйел алып, баламмен қуып жіберді»
Танымал абайтанушы Омар Жәлелдің бұрынғы әйелі оның отбасылық өміріндегі құпияларды ашты. Ол екі әйел алып, баласымен бірге қуып жібергенін мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отбасылық драма
Оның айтуынша, олар 31 қаңтар күні некелескен. Сол жылы қыркүйек айында тұңғыш сәбилері дүниеге келген. Әйелдің сөзінше, өзі отбасына келін болып түскеннен кейін Омар Жәлел бірінші жұбайынан туған ұлын үйлендірген. Тіпті өзі оны «құтты келін болып келдің» деп айтқан көрінеді.
Алайда алғашқы жүктілік кезеңінде екі әйелдің арақатынасы ушыға түскен. Екінші жұбайы бірінші әйел тарапынан қызғаныш пен қысым болғанын алға тартты.
«Жүкті болғанымды қабылдамай, түрлі құжат талап етіп, балаға күмән келтірді. Кейін үшінші әйел алатынын айтты. Сол кезде іштегі балам алты айлық еді. Тіпті босанған соң баланы алып, бәйбішеге беретінін де жеткізді», – дейді ол.
Айтуынша, бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы болған. Кейін Омар Жәлелдің үшінші әйел алғанын бір ай өткен соң ғана білген. Сол уақытта оған Түркияға кету ұсынылған.
Сотқа жүгіну
Қазіргі таңда бұрынғы жұбайынан мүлде хабар жоқ екенін, оның балаларымен де араласпайтынын айтты. Осыған байланысты сотқа жүгінетінін мәлімдеді.
«Менің тағдырыммен ойнады. Менен кейін тағы екі әйел алды. Бала туғызып алып, кейін қуып жіберді», – деді ол.