Photo: Bayar Bayar (https://www.pexels.com/@bayar-bayar-631990811) / Pexels
- 06 апр. 2026 11:30
- 31
«Өз қалауым бар!»: Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі қазақ тілін үйренуге бел буды
Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілін үйренуге қатысты ойын бөлісті. Ол бұған дейін қазақша сөйлемеуге түрлі себеп іздеп келгенін мойындап, енді бұл әдетінен арылатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Өз қалауым бар!»
Ляйсира Марат өзінің бұл шешімін былайша түсіндірді: «Неге сіз қазақ тілінде сөйлемейсіз? Мен өзімді ақтайтын сылтауларды қойдым. Қазақша сөйлемеудің себебін іздеуді тоқтаттым. Ең бастысы – менің өзімнің қалауым бар!»
Қазақтілді ортамен толыққанды қарым-қатынас
Ол қазақ тілін тек түсініп қана қоймай, еркін сөйлегісі келетінін атап өтті. «Мен тек түсініп қана қоймай, қазақтілді ортамен толыққанды қарым-қатынас жасағым келеді: базарда саудаласу, әзілге әзілмен жауап беру, жолда әңгіме қолдау… Оқырмандарымның арасында осы жолдан өткендер бар екеніне сенімдімін, жақсы мұғалім немесе курстар ұсынсаңыздар, қуанышты болар едім», – деді Ляйсира Марат.