
Ақорда
- 27 мая 2025 15:59
- 47
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының қаржы ынтымақтастығын нығайтуға баса мән берді
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының қаржы ынтымақтастығын нығайтуға баса мән берді,деп жазады Инфохаб.
Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті.
Президент өз сөзінде жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте ТМҰ елдері басшылары ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын тағы да нақтылағанын атап өтті. Оның айтуынша, тарифтік саясаттың өзгеруінен туындаған жаһандық экономикалық трансформация жағдайында бұл мәселенің өзектілігі артып отыр.
– Қазіргі күрделі жағдайда туындаған қиындықтармен бірге жаңа мүмкіндіктер де бар. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы салаларында күш-жігерді үйлестіру қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Түркі мемлекеттерінің әлемдік жалпы ішкі өнімдегі жиынтық үлесі 2010 жылғы 2,4%-дан 3,1%-ға дейін артқанын атап өтіп, бұл аймақтың макроэкономикалық тұрақтылығының нығая түскенін жеткізді.