
Ұлысмедиа
- 26 мая 2025 18:24
- 59
Сәтпаев: "Әкім халыққа емес, жоғары жаққа қызмет етеді"
Саясаттанушы Досым Сәтпаев Алматы қаласы әкімдігінің қазіргі басқару жүйесін сынға алып, жергілікті басшылықтың халық емес, орталық билікке ғана адал екенін айтты. Оның пікірінше, бұл — кәсібиліктен бұрын, саяси бағыныштылықты басты орынға қойған "теріс іріктеу жүйесінің" салдары.
– Қаланың қазіргі басшылығы халықтың емес, жоғары жақтың мүддесін көздейді. Бұрынғы әкімдер де тағайындалғанда қаланы барынша түтінге тұншықтырып, сейсмикалық қауіпке қарамастан тығыз құрылыс жүргізуге тапсырма алғандай әсер қалдыратын, – дейді Сәтпаев.
Саясаттанушы Алматыдағы шектен тыс урбанизация мен экологиялық, сейсмикалық қауіптердің ескерілмеуін әкімдердің кәсіби емес, саяси тағайындау арқылы келуінен көреді. Оның айтуынша, халық сайламайтын әкімдер қала мүддесінен бұрын орталықтың тапсырмасын орындайды.