madeniportal.kz
- 19 апр. 2026 10:00
- 27
Қайрат Нұртастың жары енесімен 10 жыл бірге тұрғандағы жайттарды ақтарды
Атышулы әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Динара Сәтжанның бағдарламасында өзінің жеке өмірі жайлы сыр шертті. Әсіресе, енесімен бірге тұрған 10 жылдық кезеңде қандай тәрбие алғаны туралы айтқан әңгімесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ене мен келін бірге үйренді
Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің 38 жасқа келуге санаулы күндер қалғанын айтып, енінің дәл осы жаста келін түсіргенін еске алды. Бұл жайт оны өзінің ене болуға дайындығы туралы ойлануға итермелепті.
«Мен өзімді ене болуға әлі дайын емеспін деп есептеймін. Ал енем жас кезінде ене атанған. Біз бірге «ене» мен «келін» болуды үйрендік. Бір-бірімізді қолдап отыратынбыз. Енем «мынаны істе, ананы істе» деп бұйрық беріп отырмады. Керісінше, өзінің іс-әрекетімен көрсетіп, бірге жүріп үйретті», - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
«Қармақ берді, балық емес»
Актрисаның айтуынша, ата-енеміз оларға тек тәрбие беріп қана қоймай, өмірге баулып, дұрыс жол көрсеткен. Қонақжайлылықты да үйретіпті.
«Үйімізге қонақ үзілмейтін. Жаз бойы туыстар келіп жатып кететін. Жалпы ата-енемнің берген тәрбиесі шын ниеттеріне байланысты болды. Олар бізге балық берген жоқ, балық аулауды үйретті. Яғни, «қармақ» берді. Сол кезде осындай тәрбие алғаныма еш өкінбеймін, керісінше алғыс айтқым келеді», - деп түйіндеді сөзін Жұлдыз Әбдікәрімова.