Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Қайрат Түнтеков отбасы құпиясын неге жасыратынын айтты

Танымал әнші Қайрат Түнтеков өзінің жеке өмірі мен отбасы жайлы алғаш рет ашық айтты. Ол "1001 түн" бағдарламасында сұхбат беріп, неліктен отбасын көпшілікке көрсетпейтінін түсіндірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің айтуынша, отбасын жария етпеуінің басты себебі – тіл-көз тиюге сенуі. "Мен отбасымды көрсеткім келмейді. Себебі тіл-көз тиюге сенемін. Өзім де сондай жағдайды бастан өткергенмін. Тіпті бірде құлап, ертесіне жүре алмай қалған кездерім болды", – деді Қайрат Түнтеков.

Әншінің мансабы мен жеке өмірі

Қайрат Түнтеков – қазақстандық эстрада жұлдызы, "SuperStar KZ" жобасының екінші маусымында топ жарған әнші. Ол 1986 жылы 14 ақпанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Бала кезінен музыкаға жақын болып, мектеп хорында ән айтқан. 14 жасында "Бозторғай" халықаралық байқауында бас жүлде иеленсе, 2005 жылы "SuperStar KZ" жобасында жеңіске жетіп, елге танымал болды.

Әншінің мансабында бірнеше маңызды кезеңдер болды. Ол продюсер Динара Адаммен жұмыс істеп, "Baby" атты алғашқы бейнебаянын шығарды. "Екі жұлдыз" жобасында актриса Линда Нигматуллинамен бірге өнер көрсетіп, екінші орын алды. 2010 жылы Юрмалада өткен "Жаңа толқын" байқауында төртінші орынға ие болып, "Идеал артист" арнайы сыйлығын алды.

Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында эстрадалық вокал мамандығы бойынша білім алған әнші 2012 жылы жол апатына ұшырап, сот шешімімен айыппұл төлеп, шетелге шығуына уақытша шектеу қойылған болатын. Дегенмен, Қайрат Түнтеков қазақ эстрадасында өзіндік орнын сақтап қалды.

Новости

Реклама