tengrinews.kz
- 08 апр. 2026 10:30
- 27
Қазақстандық әйел Қырғызстанда балаларды діни рәсімдерге сатып алғаны үшін сотталды
Қазақстандық әйел Қырғызстанда кәмелетке толмаған балаларды сатып алып, оларға аморалдық және діни рәсімдер жасағаны үшін сотталып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балаларды сату және зорлау
Қазақстан азаматшасы мен оның қырғызстандық сыбайласы 2024 жылы адам саудасы бойынша қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ұсталған. Тергеу мәліметтері бойынша, әйел мен ер адам Қырғызстаннан кәмелетке толмаған балаларды заңсыз шығару арнасын ұйымдастырған.
Қазақстандық А.А. есімді азаматша, Израиль азаматы А.Б. екеуі бірігіп, ақшалай және басқа да мүліктік сыйақы үшін Қырғызстан азаматы С.С.-дан үш кәмелетке толмаған баланы сатып алған.
«Бұл балаларға қатысты ақылға сыймайтын, аморалдық және діни рәсімдер жасалып, олардың денелері жалаңашталып, суретке түсіріліп, әлеуметтік желілер арқылы Қырғызстаннан тыс жерлерде тұратын үшінші тұлғаларға жіберілген. Бұған қоса, аталған қылмыстық топ Қырғызстан азаматшасы Д.К.-ның екі кәмелетке толмаған баласын толық қамқорлыққа алуға рұқсат алған, оларға да осындай әрекеттер жасалған», - делінген хабарламада.
Сот үкімі
Қылмыстық іс материалдары Бішкек қаласының Первомай аудандық сотына қарауға жіберілді. Нәтижесінде, 2026 жылдың 12 наурызында сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан азаматшасы 12 жылға, ал Қырғызстан азаматы 11 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.