Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
«Қайтыс болған Наурыз ағасын сұраған»: Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығы туралы жаңа ақпарат

Атырау облысындағы бір отбасының төрт мүшесін өлтіру ісі бойынша жаңа деректер белгілі болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қанды оқиғаның мән-жайы

Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында орын алған қанды оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Қараша айында жоғалып кеткен ерлі-зайыпты қарттар мен олардың ұл-қызының мәйіттері табылып, бұл қылмыс бойынша күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев пен марқұмдардың кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиева күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдікті әйелдің туыстары оның қылмысқа қатысы бар дегенге сенбейтінін білдіріп отыр.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемалиев төрт адамның өлімін алдын ала жоспарлаған. Ол жәбірленушілердің мүлкін иемденіп, оқиғадан кейін шетелге қашып кеткен. Кейіннен құзырлы органдар бұл іске оның бейресми некедегі әйелі Ақбаянның да қатысы болуы мүмкін екенін алға тартты.

Ақбаянның денсаулығы және туыстарының пікірі

Елге қайтарылғаннан кейін Ақбаянның психологиялық жағдайына байланысты ол алдымен жергілікті ауруханаға, содан соң Алматыдағы арнайы жүйке ауруларын емдеу орталығына сараптамаға жіберілді.

Марқұм Мақсот Мұқанғалиевтың қарындасы Әдемі Мұқанғалиева сіңлісі Ақбаянның денсаулығында кінәрат барын, оның өз іс-әрекетіне есеп бере алмайтын күйде болғанын айтады. Оның сөзінше, Ақбаян емдеу орнында жатқанда ата-анасын сағынғанын айтып, тіпті өзінің бесінші баласы бар екенін де ұмытып қалған. Туыстары оның қылмыстық ниеті болмағанын, тек ауруының салдарынан осындай жағдайға тап болғанын алға тартуда.

«Киім, тамақтарын апарып тұрамын ғой. Дәрісін беріп жіберемін. Бірақ, кездескен жоқпын. Көруге, кездесуге болмайды. Рұқсат жоқ. Ішкі Істер басқармасына да барып шықтым. «Сот болған жоқ. Бәрі бақылауда тұр. Кездестіре алмаймыз» деді. Бізге Ақбаянның денсаулығына қатысты, жеке басы туралы ешқандай ақпарат айта алмайды. Арнайы рұқсат қағазы керек екен. «Жақсы. Емін алып жатыр. Басқа не айтасыздар?!» деді. «Қаны аз» деді. Артынан «Тісі ауырып жатыр» деді. Дәрігерлер дәрісін жазып береді. Апарып беріп отырамын. Шалқар ағасы апарып беріп жүр. Дәрігерлер «Ағаң келіп кетті» деген кезде, «Наурыз ағам ғой» депті», - дейді Әдемі Мұқанғалиева.

Балалардың жағдайы

Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардан қалған бес бала мемлекет қамқорлығына алынды. Олардың үлкендері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, кішілері сәбилер үйіне тапсырылды. Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның арасында заңды неке болмаған. Журналист Жанат Молдашева таратқан бұл ақпарат бойынша медициналық сараптама нәтижелері күтілуде.

Новости

Реклама