Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
«Қалаулым» жүргізушісі Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбековтың тойы жақын!

«Қалаулым» бағдарламасының танымал жүргізушісі Диана Скатова мен сүйіктісі Сұлтан Нұрбековтың қарым-қатынасы жаңа кезеңге аяқ басты. Екеуі ұзақ уақыт бойы кездесіп жүргенімен, арақашықтыққа байланысты қиындықтарға тап болған. Алайда, олар бұл сынақты еңсеріп, енді үлкен тойға дайындықты бастап кетті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Диана Скатова өзінің Instagram парақшасында бұл туралы жазба жариялады. Ол статистика бойынша арақашықтықтағы 90% жұптың қарым-қатынасы үзілетінін айтып, өздерінің де қиын сәттерді бастан өткергенін мойындады. «Біз де мінсіз болмадық. Талай қиын сәттер, қараңғы тұстарымыздың күресі бәрі болды. Міне, енді кинодағыдай happy end-ке жеттік. Шүкір», - деп жазды ол.

Арақашықтық – сезім мен сенімнің сынағы

Тележүргізушінің айтуынша, арақашықтық тек сезімді ғана емес, сабырды, сенімді және адамның өзін сынайды екен. Ол өзі сияқты арақашықтықта жүрген жандарға үмітін үзбеуге шақырды. «Дәл қазір арақашықтықта жүрсеңіз, үмітіңіз үзілмесін! Өйткені қауышудың қуанышы мен бақыты барлығын ұмыттырады», - деп қосты Диана.

Тойға дайындық қызу жүріп жатыр

Жарияланған видеодан Диана мен Сұлтанның тойға дайындықпен жүргені көрінеді. Желі қолданушылары олардың қарым-қатынасына ризашылығын білдіріп, жас жұпқа ақ тілектерін жаудыруда. Көпшілік олардың бақытты болуын тілеп, тойдың сәтті өтуін тілеп отыр.

Новости

Реклама