Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қалта түрлері және олардың өңделуі
Тақырыбы: Қалта түрлері олардың өңделу технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қалталардың түрлерімен тереңірек танысу, өңдеу технологиясын үйрету. Қалтаны өңдеу барысында кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Білімалушылардың жұмыс барысында тігіс ендерін анықтау мақсатында көз дәлдіктерін дамыту. Біліктілік дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Білімалушылардың ұқыпты, жинақы жұмыс жасауға және әрбір детальді, материалды үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ
Сабақтың міндеті: Қалта түрлерімен таныстыру, тігу технологиясын үйрету.
1. Ұйымдастыру Сәлемдесу.
Топты түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Бағалау парағын тарату, таныстыру.
Сабақтың барысы:
2. Өткен тақырып бойынша мәлімет беру (еске түсіру)
Презентация көрсету, түсіндіру.
Қалта - киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Қалтаның жапсырма, жарма қалта, төс қалта, омырау қалта, ішкі қалта т. б. түрлері болады. Орналасуына қарай жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Жапсырма қалталар қарапайым тік қалта, қиғаш қалта, қақпақты (клапанды) болып келеді де, олар әдіптелген тілікті, бүрмелі, оюлы және сырып тігіледі. Жапсырма қалталарды қақпағын ілгекті немесе ілгексіз, тік төртбұрышты немесе оюлы етіп жасайды. Жапсырма қалталарды бүрмелен, жиырыл, кестелеп әшекейлеп тігеді. Жоғарғы және жан қалталар түрлі формалы: тік немесе оюлы, тік немесе қақпақты т. б. түрі болады. Киімнің моделіне қарай жарма қалталарды кейде бүрменің немесе тігістің үстіне салады. Спорттық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салынады. Қалтаны даярлағанда оның формасы мен тігілген матаның ерекшелігін технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру керек.
Жеңіл бұйымдарды өңдеу әдісіне қарай қалталар мынадай топтарға бөлінеді:
Жапсырма Жарма Тігіске түскен
Қалта түрлері сәндік бөлшектеріне қарай:
Жапырақшалы
қақпақшалы
әдіпті
бейка
  желбіршекті
Сәндік тігістеріне қарай:
қатпарлы
бүрмелі
  кестелеген
бедерлі
Әрлеп безендірілген материалына қарай
шілтермен
таспамен
ызбамен
моншақпен
аппликациямен
  фурнитурамен
Қалта тарихына тарихына жүгінсек. Қалта тарихын ежелгі деп атауға болмайды - ол тек 17 ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде пайда болды. алғашқы қалталы киім Людовик XIV камзолында болды, осы уақытқа дейін тиындар мен қажетті ұсақ - түйектер ілулі қалталарда - дорбаларда киілетін.
Олар киімге тігілмей, көбіне жұп болып әйелдердің белдемшесінің астына, ерлерде белбеуге байланатын. Қалталарға қол жеткізу үшін сыртқы киімнің тігістерінде арнайы кесіктер қалдырылды. Бургундияда мұндай дорбалар міндетті іш киім бөлігі болып саналатын, олар «омоньер» деп аталды.
19 - ғасырдың басында қалта киімге тігіле бастады. Топсалы қалталар күнделікті өмірде балалар немесе жұмыс киімінің детальдары ретінде сақталған.
20 ғасырдың басында Коко Шанель қалтаның басты әуесқойы саналды. Ол әйелдердің киімдерінде қалталардың жетіспейтініне сенді, және ол оларды киімге ғана емес, аксессуарларға да енгізді.
3. Алдын – ала бөлінген топтар, берілген тапсырма бойынша презентацияларын қорғайды.
Қайталау сұрақтары.
Ұяшықтар таңдау арқылы сұрақ тандап, сұрақтарға жауап береді
(әр берілген дұрыс жауапқа, сол топқа балл қосылады)
Сұрақтар:
Ұсақ бөлшектер
1. Бұйымда қолданылатын ұсақ бөлшектер
(қақпақша, жапырақша, белдік, хлястик, паты, погон, шлевка, жаға, қалта, манжет, бант)
2. Қақпақша дегеніміз не?(Қақапақша - қалта аузын жауып тұратын және киім бөлшектерін сәндеуге қолданылатын бөлшектердің бірі)
3. Ұсақ бөлшектерді формасын сақтап қалу үшін қолданылатын мата? ( желімдік іштік мата)
4. Ұсақ бөлшектерді жөрмеп тігу тігіс ені...... (0, 5 - 0, 7см)
5. Бұрышы бар бөлшектерді өңдегенде бұрышын....( тігіске 0, 1 - 0, 2см жеткізбей қырқады)
Тігіс түрлері
1. Машина тігістерінің негізгі 3 тобы ( біріктіруші, шеттік, әрлеуіш)
2. Біріктіруші тігістердің 3 топшасы (Сырып тігу, бастыра тігу, жапсыра тігу)
3. Қол тігістерінің түрі:..... (көктеу, қосып көктеу, бүгіп көктеу, қондырма көктеу, айналдыра көктеу, жапсыра тігу, қадау, торлау, бүрме жасау)
4. Айналдыра көктеу қандай бөлшектерді өңдеу үшін қолданылады? ( - бөлшектердің әдіптелген жиектерін оның берілген белгілі пішінін сақтау үшін жіппен уақытша бекіту.
5. Жиектік тігістің түрлерін атаңыз. ( Жөрмеу, жиектеу, бүгіп тігу)
Қиықтар мен бүкпелер
1. Біріккен тігістерді бірден айыра үтіктеп өңдеген кезде бөлшектерді біріктірер алдында қиықтарды.............(торлайды)
2. Сетінемейтін табиғи маталардан және барқыттан тігілген киімдерде қиықтарын..... (арнайы жабдықтарда майда тіспен үшкілдеп өңдеуге болады.
3. Бүкпелер өңдеу тәсіліне қарай..... болады.(қырқылған және қырқылмаған, қырқылған қалын маталарда, қырқылмаған жұқа маталарда)
4. Қиықтан басталатын бүкпелерді қанша сызықпен белгілейді. (3 сызықпен бүкпе ұзындығы, ені, ортасы)
5. Бір жағына жатқыза үтіктелген тігістерді бөлшектің қиықтарын сырып тіккен кейін....
(торлайды)
Қалталар
1. Қалтаның негізгі 3түрі (жапсырма, жарма, тігісте орналасқан)
2. Қалта аузын қанша сызықпен белгілейді.(3 сызықпен, ұзындығы, ені екі жағынан)
3. Қалта ауызын созылмаудын сақтайтын матаны бөлшектің қай бөлігіне желімденеді немесе тігіледі. ( бөлшектің теріс бетіне)
4. Жарма қалталарда, матаны қырықпай алдын ала әдіптің дұрыс қосып тігілгенің қалай анықтайды? (бөлшектің теріс жағынан тексереді, онда әдіпті қосып тігу тігістері параллель болып, бір деңгейде аяқталуы тиіс)
5. Жапсырма қалталар сетінегіш матадан дайындалса оны....? (алдын ала қиықтарын торлайды)
4. Іс тәжірибелік жұмыс.
Қол инемен қайшымен жұмыс алдында техника қауіпсіздік ережелерін айту.
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қол инесімен жұмыс:
1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек.
2. Инені киімге қыстыруға болмайды.
3. Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
4. Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.
5. Инені тістеп отыруға болмайды.
6. Инемен ойнап отыруға болмайды
7. Инені пердеге көйлекке қыстырып кетуге болмайды.
Қайшымен жұмыс:
1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.
3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды
5. Қайшының ұшын жоғары көтерме
6. Қайшылар өткір болуы керек және жабық сақталғаны жөн.
Нұсқау карта беріледі.
Топтар таңдалған қалта түрін дайындайды
5. Сабақты бекіту.
Worldwap платформасымен құрастырылған
Суреттерді сәйкесінше орналастырады
6. Бағалау ( балл есептеу, іс тәжірибелік жұмыстың орындалу технологиясын)
Коментарий аиту
7. Үйге тапсырма

You Might Also Like

Новости

Реклама