Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қандай топырақ құнарлы?
Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3 «ә»
Заттар және олардың қасиеттері.  Табиғат ресурстары

Күні: 



Тақырыбы:Қандай топырақ құнарлы?
Оқу мақсаты:3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу; 3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
Сабақтың 
мақсаты:
Оқушылар:
топырақтың құнарлылығы оның құрамына байланысты екенін түсінеді;
Эксперимент жасап, қорытындысын диаграмма түрінде көрсетеді

Бағалау критерийіЭксперимент сұрағы және болжамы, болжамының сәйкестігіне қарай бағалау
Барлық топ мүшелерінің ұйымдаса жұмыс жасауын бағалау.

Тілдік мақсатОқушылар: топырақ туралы сұрақтарға жауап береді;
Топырақ құнарлылығына болжам жасап, өз ойларымен бөліседі, пікір алмасады.





Сабақтың кезеңі/ уақытПедагогтің     әрекетіОқушының әрекетіБағалауРесурстар
Сабақтың басыПсихологиялық дайындық:
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректен,
Сөздің бәрі ақ тілек.
«Қар лақтыру» әдісі арқылы өткенді пысықтау 
Топырақ қандай болады?
-Топырақты не үшін қолданады?
-Топырақта қандай жануарлармен жәндіктер тіршілік етеді??
-Топыраққа шұбалшан қандай пайда келтіреді?
-Құнарлылық деген не?
-Топырақпен не істеуге болады?
Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:
 -Берілген әріптер арасынан мағыналы     сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
Раэлищнқандайпдпиунтопырақштбгвдпщжптндпбқұнарлықшс
- Қандай сөйлем шықты? 
-Қандай топырақ құнарлы? деген
«Қаратопырақ», «Сарытопырақ» «Құмтопырақ» суреттері арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды     қалаған суретін алып, 1,2, 3 топтарға бөлініп отырады.
 1-топ «Қаратопырақ»       2-топ «Сарытопырақ» 
3-Топ «Құмтопырақ»
(Т.Ж)Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда).Оқушылар «Қар лақтыру» ойыны »
Қосымша сұрақтар қою:
Топырақтың құрамында не бар?
Топырақтың қасиеттерін ата.
Құнарлылық дегеніміз не?
Дескриптор: Оқушылар сұрақтарға жауап бередіБасбармақ Сұрақтар тізбегі
Аққала макеті

Сабақтың ортасы
  1. Мәтінмен жұмыс.  
Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. Үштен бірігу. Біріншісі – қаратопырақ, екіншісі- сазды топырақ, үшіншісі-құмды топырақ рөліне еніп, өздері туралы ақпараттарды бір-біріне айту. Мысалы: Мен-қаратопырақпын. Менің қабатым 1 м жетеді. Менің бойымда қоректік заттар көп. Менде өскен өсімдік жайқалып өседі тсс.
5.Шығармашылық жұмыс 
1-топ 
Пазлдарды жина
Зерттеу кезінде топырақтың құрамын не құрайтынын көрдің?  Әр пазлды бағыттама арқылы дұрыс нұсқамен сәйкестендіріп, тиісті орнына қой
2- топ
Топырақтың құрамына кіретін заттарды тап. Аталған заттарды бейнелейтін суреттер сал. Оларды бағыттама арқылы топырақтың қабаттарына «орналастыр»
3-топ
Топырақтың түрлерін сәйкестендір.
6.Сергіту сәті
Зейін қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.
Топтық жұмыс 
Топырақ құрамын зерттеу
I топ
Су құйылған стақанға бір түйір топырақ сал
-Не байқадың?
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
II топ
Суға салынған топырақты таяқшамен араластыр.
-Не байқадың?
- Қандақты ай қорытынды шығаруға болады
III топ
Стақанды шайқамай қарау
-Не байқадың?
- Қандақты ай қорытынды шығаруға болады
8.Қосымша мәлімет.
9. «Ойлан, жұптас, талқыла»  әдісімен
- Қыста топырақта қандай өзгеріс болатынын сұрау. (Ол қардың астында тынығады.) 
- Көктемде қар қайда кетеді? (Қар ериді, суы топыраққа сіңеді) 
- Адам құрғақ топырақты барынша ылғалмен қамтамасыз ету үшін не істеуі қажет?  (Қыс мезгілінде алқаптарға көбірек қар үю қажет.) 
Осындай әрекет «қар тоқтату» деп аталатынын айту. 
10.Сен білесің бе?
Өсімдіктер топырақсыз да өсе алады.Топырақ олардың тік өсуі үшін  керек.Ең бастысы, оларды қоректік заттармен қамтамасыз ету керек.
Дискриптор: Түсініксіз сөздердің мағынасын ашады.Рөлге еніп, мазмұнын айтады.
Дискритор:Әр пазылды бағыттама арқылы қосып, топырақтың құрамын анықтайды.
Дискриптор:Топырақтың құрамын анықтап, суреттерін салады
Дискриптор:Топырақтың түрлерін сәйкестендіреді
Дискриптор.
Тәжірбие жасап, топырақтың құрамында ауа барын анықтайды 
Дискриптор.
Тәжірбие жасап, бетіне жеңіл заттар шығатынын анықтайды
Дискриптор.
Тәжірбие жасап,су астына ауыр заттардың шөгетінің айтады
Дискриптор: Қыста топырақтың қар астында тынығатың айтады
Дискриптор: Өсімдіктердің топырақсыз өсе алатының біледі
Қол шапалақтау
«Басбармақ
Тапсырмалар
Оқулық,түрлі түсті қарындаштар, ақ қағаз
Кесте,
Тапсырмалар
Бейнебаян
Стакан,қасық топырақ түрлері, су.
Микроскоп
Слайд

Сабақтың соңы
Үй тапсырмасы. 
Рефлексия.
  • Топырақтың құнарлылығы неге байланысты?
  • Қандай топырақта қоректік заттар көп болады?
  • Топырақ құнарлылығын қалай жақсартуға болады?
  • Қыста топырақ құнарлылығын арттыру үшін не істеуге болады?
Кері байланыс. 
Желпуіш әдісі
Қағазды желпеуіш түрінде бүктеп, оқушылар бүктелген бөлікке сабақтан нені түсінді?не үнады? Өз ойларын жазады 
Дискритор:Топырақтың құнарлығы құрамына байланысты, қарашірік топырақта құнарлы заттар көп болатын біледі
Дискриптор: Желпеуіш жасап, сабақтан алған әсерлерін жазады

Стикерлер
Желпеуіш,ақ қағаз











You Might Also Like

Новости

Реклама