Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Жемқорлықты қалай жеңуге болады?
«Жемқорлықты қалай жеңуге болады?» эссе
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп - өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Бұрынғы өткен ата - бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
«Жемқорлыққа қарсы күрес жан - жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді. Елбасымыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс - әрекет жасалған жағдайда қандай іс - қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу қажет деп ойлаймын. Сонымен қатар әр адам тек өз басының пайдасын ғана ойламамай, туған елінің гүлденуін, өркендеуін ойлайтын болса, өз Отанының нағыз патриоты болса, жемқорлық жойылар еді. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш - жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Біздің ел - ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден - бір мемлекет.
Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысандылығы мен тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Елбасының жеке бақылауында тұрғандығына негізделген. Сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болуы, онымен күрес жүргізудің қылмыстық - құқықтық құралдары қызу пікір таластарын туғызу үстінде.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс - әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Ал, іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады.
Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан - дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.
Қазіргі біздің жиырма бірінші ғасырымызда сыбайлас жемқорлық өте көп кездеседі. Пара беру, жеке бас қамы үшін өзінің қиын ақуалын шешу, қазіргі заманның індеті деп айтуға болады. Өз қызметін аса жоғары пайдаланып отырған аға, апаларымыз да аз емес. Неге? деген сұрақ туындайды. Қазіргі заман талабы ма? Әлде ақшаның сонша құнсыздығы ма? Әлде адамзаттың сонша құнығып кетуі ме? Менің ойым осы қарапайым халық өзіміз сол жолды оңай көреміз, сол себепті біздің елде және басқа да елдерде солай қалыптасып кеткен. Келер ұрпағымыз осындай жолда өмір сүрсе, біздің болашағымыз не болмақ? Жалпы қай салада болса да медицинада, білімде, заң қорғаушы органдарда болсын бұл індет қалыптасып кеткен.
Елімізде қаншама қызметте отырған кісілер осы жолды таңдап ұсталғаны да аз емес. Бірақ бұл мәселенің шешімі тек өзімізде. Ең бірінші біз өзімізді тәрбиелеуіміз керек, сонда ғана болашаққа тік қарайтын, келер ұрпағымызға үлгі, өнеге бере алатын ел бола аламыз. Елдегі бұл ауыр індетті жою үшін күресті өзімізден, айналамыздан бастап, нәтижеге қол жеткізуге, жемқорлықты жою үшін аянбай күресу - әрбір қазақстандық азаматтың азаматтық та, адамзаттық та парызы.

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
«Нұрбөбек» бөбекжайы КМҚК тәрбиешісі
Алдабергенова Салтанат Жумабековна

You Might Also Like

Новости

Реклама