Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Арман Жұмагелдиевтің видеосы жарияланды

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің видеосы әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың назарын аударды. Қаңтар оқиғаларынан кейін 20 жылға бас бостандығынан айырылған ол бейнежазбада өз ұстанымын білдіріп, шындықтың ерте ме, кеш пе ашылатынына сенім артатынын жеткізді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұмагелдиев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, мемлекетке немесе халыққа қарсы әрекет жасамағанын мәлімдеді. "Құран ұстап тұрып ант етемін. Ешқандай қастандық болған емес, мемлекет пен халыққа қарсы шыққан емеспін. Не істесем де, бәрін Алла мен халық үшін істедім", – деді ол видеода.

Новости

Реклама