Последнее обновление

(Время обновление 8 минут назад)
Қарағандыда ана мен қызының өлімі: Іс қозғалды

Қарағандыда пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіті табылды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға 26 наурызда Қылышев көшесіндегі тұрғын үйде болған. Үйден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының денесі табылған.

Денелерінен зорлықпен өлтіру белгілері байқалды

«Олардың денелерінен зорлықпен өлтіру белгілері байқалды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті анықталды

Болжамды күдіктінің тұлғасы анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр, деп қосты ведомство.

Көршілердің айтуынша, күдікті қайтыс болған әйелдің сожительі.

Новости

Реклама