Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Қаржы министрлігі қазақстандықтардың нақты табысын тексеруді бастайды: кімдерді қамтиды?

Енді Қазақстанда мемлекеттік кірістер комитеті азаматтардың нақты табысын анықтауға кіріседі. Бұл шаралар негізінен алимент төлеуден жалтарған немесе басқа да берешектері бар азаматтарға бағытталған. Бұл туралы Әділет министрлігінің Әкімшілік сот ісін орындау комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Неліктен мұндай шаралар қабылданды?

Балабековтің айтуынша, алимент өндірудегі басты мәселелердің бірі – табысты жасыру. Көбінесе адамдар формальды түрде ең төменгі жалақыны көрсетіп, сол бойынша алимент төлейді. Бұл жағдайда оның нақты табысын анықтау және тиісті соманы өндіру қиынға соғады.

Осы мәселені шешу үшін Әділет министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Қаржы министрлігімен, атап айтқанда Мемлекеттік кірістер комитетімен (МКК) бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Жүйелерді интеграциялау арқылы МКК-дан қосымша ақпарат алу жоспарланууда. Бұл азаматтың нақты табысын анықтап, сот арқылы тиісті мөлшерде алимент белгілеуге мүмкіндік береді.

Қандай жұмыстар атқарылуда?

Жоспар бойынша, биыл мемлекеттік органдармен интеграциялау жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, Туризм және спорт министрлігінің есепке алу жүйесімен өзара іс-қимыл жасау арқылы, берешектері бар азаматтардың ойын-сауық ойындарына қатысуына шектеу қою және олардың ұтыстарын анықтап, өндіріп алу мүмкіндігі қарастырылуда.

Алимент бойынша статистика

Әділет министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 354 мың алимент ісі орындауда болған. Оның 59,6 мыңы нақты өндірілген немесе өндіріп алушының өтініші бойынша аяқталған. Алайда, 12,7 мың іс (шамамен 4%) проблемалық болып қалуда, олар бойынша жалпы берешек 18 миллиард теңгеге жуықтайды. Бұл берешектердің негізгі себептері – борышкерлердің ресми жұмысының жоқтығы және табыстарын әдейі жасыруы.

Бұл проблеманы шешу үшін борышкерлерге жұмыс табуға көмектесу де қарастырылған. Өткен жылы әкімдіктермен бірлесіп 645 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 6,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, борышкерлер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Өткен жылы 4 824 адам әкімшілік, 380 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Новости

Реклама