Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қай жолдассың, айтшы, сен?
Қай жолдассың, айтшы, сен?
Адамды аңша атасың.
Өз анаңның сүтiнен
Қанды адал деп татасың.

Өмiр қылмен байлаулы,
Өз қамыңды жесеңшi.
Заманды себеп жайлаулы,
Онда нем бар десеңшi.

Жақсы уақыт кез келсе,
Жаралыстың сыйын бiл.
Iстiң түбiн тексерсе,
Не боларын бiлмес ол.

Айла, күшке таянба,
Болар-ау деп сол себеп.
Өлшеуi оның заманда,
Бұйырады ол не деп.

Өмiр деген – ұйқы ғой,
Түс көргiзбей қоя ма?
Қиын-қызық, әр түрлi ой
Iс көргiзбей қоя ма?

Түстегiнi шын ғой деп,
Шынды ұмытқан жарай ма.
Әл жеткенiң бәрiн жеп,
Арды жұтқан жарай ма?

«Таза емеc,– деп,– шекпенiң»,
Сыртын көрiп сын тақпа.
Әркiм орар еккенiн,
Өз iшiңдi салмақта.

Ол – не жақсы, не жаман,
Оның жүгi сенде емес.
Десе бiреу: «Мен аман»,
Ол зияннан кенде емес.

Сопылар да күтiп жүр
Бейiстiң тәттi шарабын.
Маскүнем де жұтып жүр
Мас қылатын арағын.

Шымылдық артын кiм бiлер,
Шын иесi болмаса.
Соның жолы жөнделер,
Кiмдi сынап оңдаса!


You Might Also Like

Новости

Реклама