Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Қазақ тілі мен тарихы енді шетелдік ЖОО-ларда міндетті болады

Енді Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары мен олардың филиалдары «Қазақстан тарихы» және «Қазақ тілі» пәндерін міндетті түрде оқытуға тиіс болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Бұл маңызды норманы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қабылдады. Депутаттың айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында «Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары «Қазақстан тарихы» және «Қазақ тілі» пәндерін міндетті түрде оқыта отырып, тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес білім беру сапасын қамтамассыз етеді» деген тармақ бекітілді.

Мәжілісмен бұл талапты қамтитын заң жобасы жақын уақытта екінші оқылымға шығарылатынын атап өтті.

Новости

Реклама