Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Қазақстан Халықаралық "Жер сағаты" акциясына қосылады

Биыл, 28 наурызда, Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық қозғалыс – "Жер сағаты" акциясына қосылады. Бұл шара жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жалғасады. Акцияның биылғы тақырыбы – еліміздегі экотуризмді дамыту болып бекітілді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгіленген уақытта еліміз бойынша үйлерде, кеңселерде және көшелерде жарық бір сағатқа өшеді. Акцияның басты мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне жұртшылықтың назарын аудару.

Еліміздің танымал нысандары жарығын сөндіреді

Жыл сайын акция кезінде еліміздің ең танымал нысандарының жарығы уақытша өшіріледі. Олардың қатарында:

"Жер сағаты" – жаһандық экологиялық шара

"Жер сағаты" – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қолдауымен жыл сайын өтетін халықаралық шара. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамаудың белгісі ретінде бір сағатқа жарық пен тұрмыстық электр құралдарын өшіруге шақырады.

Бұл шара – жер бетіндегі ең ауқымды экологиялық акция. Оған әлем бойынша 2 миллиардтан астам адам қатысады. "Жер сағаты" акциясына 180 елдің 7000-ға жуық қаласы қосылады. 2026 жылы "Жер сағаты" халықаралық акциясы 19-шы рет өткізілсе, Қазақстанда бұл шара 17-ші рет ұйымдастырылады.

Акцияға қатысу өте оңай: 28 наурызда сағат 20:30-да бір сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіріңіз.

Новости

Реклама