Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатының құрамын жариялады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Жайлауов хоккейден бірінші дивизионда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын ойыншылардың тізімін жариялады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құрамаға барлығы 23 ойыншы енді. Олардың қатарында 20 шабуылшы мен 3 қақпашы бар.

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де – «Барыс», КХЛ), Владислав Нурек («Горняк», Рудный).

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы – «Барыс», КХЛ), Тамырлан Гайтамиров, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы – «Номад», Астана), Федор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов («Сарыарқа», Қарағанды).

Шабуылшылар: Әлихан Асетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Савицкий, Семен Симонов, Ансар Шайхмедденов (барлығы – «Барыс», КХЛ), Артур Гатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (барлығы – «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал», КХЛ).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Украина, Франция, Польша, Литва және Жапония командаларымен бірге элиталық дивизионға оралу үшін бақ сынасады. Турнир 2-8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді.

Новости

Реклама