depositphotos.com
- 01 мая 2026 23:30
- 217
Қазгидромет Ақтөбе мен Орал тұрғындарын ауа райының қолайсыздығы туралы ескертті
Қазгидромет ресми сайтында Ақтөбе мен Орал қалаларының тұрғындарына арналған ескерту жариялады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ескертуде алдағы сенбі, 2 мамыр күні аталған қалаларда ауа сапасының қолайсыздығы байқалатыны айтылған.
Ауаның ластануына не себеп болады?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – ауадағы зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін ауа-райы факторларының (тымық, желсіз күн, тұман, инверсия) жиынтығы. Бұл жағдайлар ауаның ластануына әкеледі.
Болжамдар қандай?
Ақтөбеде сенбі күні ауа райы айнымалы болып, жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде. Батыс бағыттағы желдің екпіні 2-7 м/с болады. Түнгі температура 4-6 градус жылылықты, ал күндізгі температура 17-19 градус жылылықты құрайды.
Орал қаласында да ауа райы айнымалы болады. Кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Желдің екпіні күшейеді. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнгі температура 3-5 градус жылылықты, күндізгі температура 10-12 градус жылылықты көрсетпек.
-
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова желідегі парақшасында жазба жариялап, жан сырын ақтарды. Ол өмірге жақын кино түсіруді басты мақсаты екенін айтты.