tengrinews.kz
- 21 февр. 2026 12:00
- 24
Қазақстан мен Ресей әуе кеңістігін қорғау бойынша бірлескен жаттығу өткізеді
Қазақстан мен Ресей 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘҚҚ) күштерінің жоспарлы жаттығуын өткізеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаттығудың мақсаты
Жаттығу барысында әуе нысандарын анықтап, бақылауға алу, әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды ұстап, оларды белгіленген аэродромдарға мәжбүрлеп қондыру бойынша тапсырмалар орындалады.
«Бұл шара жоспарлы сипатта өтіп, өзара іс-қимыл деңгейін, жауынгерлік шеберлікті және әуе шабуылына қарсы қорғаныстың кезекші күштерінің дайындығын арттыруға бағытталған», - деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.
Азаматтарға ескерту
Осыған байланысты азаматтар мен БАҚ өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырады.
Бұған дейін ресейлік Су-30 көпмақсатты жойғыш ұшағы Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайға жоспардан тыс қонғаны туралы БАҚ хабарлаған болатын.