- 06 янв. 2017 00:00
- 295
Қазақстанда 1300 қытайлық студент білім алуда
Қытай Қазақстанда білім алып жатқан студент жастар санын ұлғайтуды көздеп отыр. Бүгінде олардың саны 1300-ді құрап отыр. Бұл туралы Қытайдың халықаралық саудасына ықпал ету комитеті төрағасының орынбасары, Қытай павильонының ұлттық комиссары және Қытайдың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын үкіметінің өкілі Ван Цзиньчжэнь айтты.
«ЭКСПО көрмесіне қатысу арқылы біз Қазақстанда білім алатын оқушыларды ынталандыра түсетін боламыз. Қазіргі таңда Қытайда 13 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Ал Қазақстанды қытайлық небәрі 1300 бала оқып жатыр. Меніңше бұл жерде Қазақстанда білім алатын ҚХР студенттерін арттырудың үлкен әлеуеті жатыр»,-деді ол Қытайдың ЭКСПО-2017 павильонын таныстыру рәсімінен соң берген сұхбатында.
Айта кетейік, Ван Цзиньчжэньнің сөзінше, Қытай тарапы Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне өз елдерінен 250 мың турист қатысады деп болжам жасап отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат