
- 27 мая 2025 16:06
- 43
Қазақстанда 2024 жылы 2471 адам еңбек кезінде жарақат алды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы жұмыс барысында жарақат алғандардың саны – 2471 адам. Оның ішінде:
- 288 адам топтық жазатайым оқиғаларға ұшыраған,
- 529 адам кәсіптік ауруларға шалдыққан,
- 26 адам улану жағдайлары тіркелген.
Ең көп зардап шеккендер өңдеу өнеркәсібінде (32,4%), тау-кен өнеркәсібінде (19,4%) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету салаларында (8,3%) анықталды.