Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлді,деп жазады Инфохаб.

2024 жылдан бастап жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардың 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл туралы Президент 30 желтоқсанда білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі жаңа заңға қол қойғаннан кейін белгілі болды.

Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды, оны іске асыруға жергілікті бюджеттен 12 миллиардтан астам теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Жалпыға бірдей білім беру» қорының көмегі жекеменшік мектеп оқушыларына да қолжетімді болады — бұрын бұл тек мемлекеттік мектеп оқушыларына арналатын.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл шара әлеуметтік осал отбасылардың барлық балаларына тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған маңызды қадам.

Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік мектептерде 1,7 миллионнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында 510 мың оқушы құрал-жабдықтармен қамтылды, оған қосымша 22,5 млрд теңге бөлінді.

You Might Also Like

Новости

Реклама