
- 26 мая 2025 12:41
- 82
Қазақстанда автонесиелерге сұраныс артуы мүмкін
Қазақстанда маусым айында автонесиелерге деген сұраныс артады деп болжануда. Бұл жөнінде Ұлттық банк өкілі Олжас Кубенбаев І тоқсан бойынша банктер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйеніп мәлімдеді.
Болжам бойынша, ипотекалық несиелерге сұраныс біртіндеп өсуі мүмкін. Ал кепілді және кепілсіз тұтынушылық несиелерге сұраныс керісінше, төмендеуі ықтимал. Атап өту керек, бірінші тоқсанның қорытындысы ипотека нарығындағы белсенділіктің бәсеңдегенін көрсетті. Бұл тұрғын үй жинақтары бойынша мемлекеттік сыйақының кешіктірілуімен байланысты. Соның салдарынан көптеген азаматтар қарыз алу өтініштерін тоқсан соңында ғана жолдаған.
.