Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
2025 жылы бала туу мен күтіміне байланысты жәрдемақылар саласында қандай өзгерістер болды?

2025 жылы бала туу мен күтіміне байланысты жәрдемақылар саласында қандай өзгерістер болды?

2025 жылы Қазақстанда бала тууы мен күтіміне байланысты әлеуметтік қолдау айтарлықтай күшейтілді. Жыл басынан бері 293,9 мың адамға жалпы сомасы 299,8 млрд теңгеге жуық мемлекеттік және әлеуметтік төлемдер жүргізілді.

Жәрдемақы мөлшері 2025 жылдың қаңтарынан бастап 6,5%-ға индекстеліп, ата-аналарға төлемдердің нақты құнын сақтау мүмкіндігін берді.

Негізгі өзгерістер:

  • 1, 2 және 3-балаға арналған бір реттік жәрдемақы: 149 416 теңге;
  • 4 және одан көп балаға: 247 716 теңге;
  • Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы: 91 953 теңге;
  • Жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің орташа сомасы: 1,6 млн теңге.

Бұл өзгерістер ата-аналарды материалдық тұрғыдан қолдап, демографиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама