Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қазақстанда жаңа банк ашылды: BNK Finance енді – «BNK» коммерциялық банкі

 

Қазақстанда жаңа қаржы институты – «BNK» коммерциялық банкі өз жұмысын бастады. Бұрын BNK Finance Kazakhstan атауымен микроқаржы ұйымы ретінде қызмет еткен мекеме Оңтүстік Кореяның BNK Financial Group Inc. құрамына кіреді және ресми түрде банк мәртебесіне ие болды.

Қаржы ұйымының басты бағыты – шағын және орта бизнеске қолдау көрсету. Банк тек осы сегментке несие берумен айналыспақ. Тұсаукесер рәсімі қазақ және ағылшын тілдерінде өтті.

Банк қайта құрылу кезінде мынадай көрсеткіштерге ие болды:

  • Активтері – 25,8 млрд теңге
  • Кредиттік портфелі – 21,8 млрд теңге

Айта кету керек, бұл – Қазақстанда 2010 жылдан бері берілген алғашқы банктік лицензия.

You Might Also Like

Новости

Реклама