
- 04 июл. 2025 20:59
- 31
Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы күрт көбейді: 5 айда 900-ден аса іс тіркелді
Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы күрт көбейді: 5 айда 900-ден аса іс тіркелді
Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейі алаңдатарлық көрсеткішке жетті. 2025 жылдың алғашқы бес айының өзінде жасөспірімдерге қатысты 931 қылмыстық іс қозғалған. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 46 пайызға көп, деп хабарлайды Atameken Business.
Ресми мәліметке сүйенсек, тіркелген істердің тең жартысы ауыр, ал 31-і аса ауыр қылмыс ретінде бағаланған. Сарапшылар жасөспірімдер арасында ұрлық, алаяқтық, тонау және адам денсаулығына қасақана зиян келтіру сияқты әрекеттер кең таралғанын айтып отыр.
Бұл мәселе «Түскі формат» бағдарламасында кеңінен қозғалды. Бағдарлама сарапшыларының пікірінше, қылмыстың көбеюіне бірнеше фактор әсер етіп отыр:
- Әлеуметтік бақылаудың әлсіреуі,
- Ата-ана мен мектептің тәрбиелік рөлінің төмендеуі,
- Интернет пен әлеуметтік желілердегі агрессиялық контенттің әсері.
Мамандар бұл дабылды ескерту ретінде қабылдап, жасөспірімдермен алдын алу жұмысын күшейту қажет екенін баса айтады.