Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 21 апр. 2026 15:00
- 27
Қазақстанда жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы жүйесі өзгереді
Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін жәрдемақылардың мөлшері мен берілу тәртібі өзгереді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, мұндай өзгерістерге қорды алаяқтардан қорғау және заңсыз схемаларды болдырмау мақсатында қолға алынып отыр.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәрдемақы төлеудегі «сұр» схемалар
Министрдің айтуынша, кейбір азаматтар жұмыстан шыққаннан кейін қысқа мерзім ішінде жәрдемақы алуға өтініш білдіреді. Мысалы, бір бухгалтер бір мезгілде 10 компанияда жұмыс істеп, бәрінен бірдей шығып, жұмыссыздар қатарына қосылып, қордан төлем талап еткен. Мұндай жағдайларда төлемдер оның соңғы орташа жалақысы есептеліп берілуі тиіс. Алайда, бұл жүйенің тиімділігін арттыру үшін төлемдердің жоғарғы шегі қайта қарастырылады.
Төлем мерзімі қысқартылады
Бұған дейін пандемия кезінде жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы 6 айға дейін созылса, енді бұл мерзім 4 айға дейін қысқартылады. Министр бұл шешімді асыра сілтеу мен заңсыз төлемдердің алдын алу үшін қажет деп санайды. «Кейбір азаматтар жұмыстан шыққаннан кейін бірден жәрдемақы алуға өтініш береді. Бұл дұрыс емес. Біз бұл жүйені ретке келтіреміз», - деді Ертаев.
1 миллион теңгеге дейінгі төлемдер
Асқарбек Ертаев кейбір жағдайларда жұмыссыздарға 1 миллион теңгеге дейін төлем жасалғанын жоққа шығармады. «Біз мұндай жағдайлардың алдын аламыз. Төлемдердің жоғарғы шегі белгіленеді. Барлық заңды төлемдер азаматтарға міндетті түрде беріледі», - деп қосты министр.
Бұған дейін Қазақстандағы балаларға берілетін жәрдемақылар мен төлемдер туралы жазылған болатын.