Tengrinews.kz
- 06 мар. 2026 05:00
- 23
Қазақстанда тағы да бірнеше автожол учаскесі жабылды
Қазақстанның бірнеше өңірінде, соның ішінде Астанадан шығатын автожолдардың бірқатар учаскелері 6 наурыз таңғы уақытқа дейін жабық болады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысы
Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 92-164 шақырымдары, Ақмола облысының шекарасынан Теміртауға дейінгі учаске жабық.
Ақмола облысы
Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 30-92 шақырымдары, Жібек жолы бекетінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық жабық.
Жолдардың ашылу уақыты – 6 наурыз, сағат 08:00.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе – РФ шекарасы автожолының 39-136 шақырымдары, Ш. Қалдаяқов ауылынан Әлімбет өткізу пунктіне дейінгі учаске жабық.
Жолдың ашылу уақыты – 6 наурыз, сағат 10:00.
Қызылорда облысы
Ресей Федерациясының шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабутақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 1362-1997 шақырымдары, Арал қаласынан Жаңақорған кентіне дейінгі учаске жабық.
Жолдың ашылу уақыты – 6 наурыз, сағат 07:00.