Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
Қазақстандағы тұрғын үй бағасы: 600 мың теңгеден 65 миллиардқа дейін

Еліміздегі тұрғын үй нарығында бағалардың айырмашылығы өте үлкен. Бір жағынан, 600 мың теңгеге екі бөлмелі пәтер табуға болады, ал екінші жағынан, 65 миллиард теңгеге зәулім үйлер сатылымға шығарылған. Бұл айырмашылық неден туындайды және нарықтағы ең арзан мен ең қымбат баспаналар қандай?

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ең арзан баспаналар

Қазақстандағы ең қолжетімді тұрғын үй ретінде Шығыс Қазақстан облысы, Чапаево кентінде орналасқан 1963 жылы салынған кірпіш үйдегі 36 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерді атауға болады. Оның бағасы – 600 мың теңге.

Бұл пәтерде сымды интернет, ағаш еден, тыныш аудан және жаңа сантехника бар. Қазіргі таңда республика бойынша бір миллион теңгеге дейінгі құны бар 18 пәтер сатылымда тұр. Олардың басым бөлігі елдің батыс және шығыс өңірлерінде орналасқан.

Егер іздеуді екі миллион теңгеге дейін кеңейтсек, тағы 91 жарнаманы көруге болады. Мысалы, Қарағанды облысы, Қарабас кентіндегі бір бөлмелі пәтер 1 миллион 50 мың теңгеге сатылуда. Ал Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Күшоқы кентіндегі бір бөлмелі пәтер 1,3 миллион теңгеге ұсынылған.

Бағасы миллиардтан асатын баспаналар

Елімізде бағасы миллиард теңгеден асатын пәтерлер де баршылық. Қазіргі таңда ең қымбат пәтер Астана қаласында сатылуда. Ол 25 қабатты үйдегі 21-ші қабатта орналасқан, 1,9 миллиард теңгеге бағаланған. Бұл пәтерде үш жеке жатын бөлме, әрқайсысының жеке гардероб бөлмесі бар. Сондай-ақ, төрт жуынатын бөлмесі бар.

Астанадағы бұл пәтердің терезесінен қаланың көрінісі ашылады. Қазіргі уақытта миллиард теңгеден жоғары бағаланатын 12 пәтер сатылымда, оның 10-ы Алматы қаласында.

Жердегі өмір қымбатқа түседі

Ал жер үйлерге келетін болсақ, Қазақстан бойынша бағасы миллиард теңгеден асатын 254 үй бар. Олардың кейбірінің бағасы 10 миллиард теңгеден асып жығылады.

Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан 1500 шаршы метрлік особняктың бағасы 10 миллиард теңгеден асады. Ал сол аудандағы 1200 шаршы метрлік үй 7 миллиард теңгеге бағаланған.

Ең қымбат үйлердің басым бөлігі Алматының жоғарғы жағында орналасқан. Олардың бағасы шамамен 4,6 миллиард теңге.

Астана қаласындағы 1039 шаршы метрлік үш қабатты үй 2,7 миллиард теңгеге сатылуда.

Новости

Реклама