Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
Қазақстандық боксшы Иван Дычко UFC басшысының лигасына шығады

Қазақстандық ауыр салмақ боксшысы Иван Дычко 6 маусымда Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 07 турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы Tengri Sport хабарлайды.

Оның қарсыласы әлі жеңілмеген британиялық Харви Дайкс болады. Жекпе-жек турнирдің алдын ала кардында өтеді.

Кештің басты оқиғасы – бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы WBO чемпионы Крис Биллам-Смит пен канадалық боксшы Райан Розицки арасындағы кездесу.

Иван Дычко кім?

Иван Дычко – ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы. Ол халықаралық аренада бокстан еліміздің ең үздік өкілдерінің бірі.

1990 жылы 11 тамызда Қостанай облысының Рудный қаласында туған. Әуесқой бокста Иван 200-ге жуық жекпе-жек өткізіп, айтарлықтай табысқа жеткен. Ол екі дүркін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Лондон-2012 және Рио-2016), әлем және Азия чемпионаттарының көп дүркін жүлдегері, сондай-ақ Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды.

Дычко 2017 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Оның рекорды қазіргі таңда 15-1. Ұзақ уақыт бойы ол жеңілмей келді, досрочный жеңістерінің жоғары пайызын көрсетті (14 нокаут). Кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісін Иван 2025 жылдың қыркүйегінде америкалық боксшы Джермейн Франклиннен қабылдады.

Zuffa Boxing – UFC басшысы мен ықпалды шейхтің жобасы

Zuffa Boxing – UFC президенті Дана Уайт пен ықпалды бокс промоутері Түркі Әл-Шейх бірігіп 2025 жылдың маусым айында құрған жаңа кәсіпқой бокс промоутерлік компаниясы.

Бұл жоба боксқа UFC моделін енгізуге бағытталған: спортшылармен орталықтандырылған келісімшарттар, жеке чемпиондық белбеулер, салмақ дәрежелерінің жеңілдетілген жүйесі және үздік боксшылар арасындағы тартысты жекпе-жектерге баса назар аудару.

Новости

Реклама