Корпорация Казахмыс
- 07 февр. 2026 12:52
- 10
Қазақстандықтарды «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамыз деп миллиондаған теңгеге алдады
Жұмысқа орналастырамыз деп алдады
Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамыз деп уәде берген алаяқтарға қатысты тоғыз қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу барысында күдіктілер азаматтардың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 16 миллион теңгеден астам қаржыны иемденгені анықталды. Олар жұмысқа орналастыруға уәде беріп, алдын ала ақша алған. Алайда өз міндеттерін орындамаған, осылайша азаматтарға материалдық зиян келтірген.
Сақ болыңыздар!
Ұлытау облысының полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Кез келген ұйымға жұмысқа орналасу тек кадр қызметтері арқылы ресми түрде жүзеге асырылады.
«Біз мұндай күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырамыз. Алаяқтық фактілері анықталған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет», - деді Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.