Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Қазақстаннан ұшқан қарақұс Үндістанда қаза тапты: Себебі әлі белгісіз

Қазақстаннан ұшып шыққан қарақұстың Үндістанға жеткенде қаза тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Arasha.kz хабарлады.

Наурыз айының басында Үндістанның Раджастхан штатындағы Джодхпур маңынан GPS-трекері бар қазақстандық қарақұстың өлі денесі табылған. Құс халықаралық бағдарлама бойынша зерттеушілердің бақылауында болған еді.

Орнитологтар құстың өлімін растап, оның себебі әлі белгісіз екенін айтты. Мамандардың мәліметінше, ақпан айының басынан бері GPS сигналы бір ғана нүктеден өзгеріссіз келіп отырған. Кейін Үндістандағы зерттеушілер құстың қыстайтын аймағына барып, оның тек сүйек-қалдықтары мен қауырсындарын, сондай-ақ трекері бар металл сақинасын тапқан.

Қарақұстың ерекшеліктері мен зерттеу маңызы

Қарақұс – қанатының ұзындығы 3 метрге дейін жететін, салмағы 7-12 келі болатын ірі жыртқыш құс. Қазақстанда бұл құстар негізінен Тянь-Шань тауларында ұя салады.

GPS-трекерлер сирек кездесетін жануарларды, соның ішінде киік, қар барысы, құлан, арқар, тоғай бұғысы, қарақұйрық, аю және көшіп-қонып жүретін құстарды бақылау үшін қолданылады.

Мамандар құстардың басқа елдерге ұшуы – қалыпты жағдай екенін атап өтті. Бұл олардың тіршілігін зерттеу мен қорғауда халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Соңғы деректер бойынша, қазақстандық ғалымдар бір жыл ішінде бірнеше құс түрінің көші-қонын бақылап, олардың Пәкістан, Үндістан, Эфиопия және Вьетнам сияқты елдерде қыстайтынын анықтаған.

Новости

Реклама