Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
«Қазақтелекомның» аудит есебі: Кіріс пен шығыс, мемлекеттік қолдау және қарыздар

«Қазақтелеком» компаниясының басшылығына төленген сомалар мен компанияның қаржылық жағдайы жұртшылықтың қызу талқылауына түсті. Осыған орай, мамандар компанияның 2025 жылғы 118 беттік аудит есебін зерделеп, нақты деректерді жариялады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қазақтелекомның» иесі кім?

Компанияның негізгі акционері «Самұрық-Қазына» қоры болып қала береді. Қор компанияның 79,2% акциясын иеленеді. Қалған акциялардың 8%-ын миллионер Нұрлан Артықбаевтың «Telecom Systems LTD» компаниясы, 3,4%-ын «Әлеуметтік даму қоры», ал 0,6%-ын американдық депозитарлық распискалар иеленеді. Қалған 8,8% акция «басқа акционерлерге» тиесілі.

Компанияның активтері мен табысы

«Қазақтелеком» тобының жалпы активтері 1,4 триллион теңгеге бағаланады. Алайда, айналымдағы активтердің үлесі небәрі 247,2 миллиард теңгені құрайды. Бұл компанияның қолындағы ақшаның аз екенін білдіреді.

2025 жылы компанияның жалпы кірісі 568,2 миллиард теңге болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға артқан. Кірістің басым бөлігін (562%-ы) жеке тұлғалар құрады. Ең көп табыс әкелген қызмет – интернет (деректерді беру қызметі), ол 283,4 миллиард теңге әкелді. Телефон байланысынан 103,5 миллиард теңге, ал телефон және жабдық сатудан 56,2 миллиард теңге табыс тапты.

Таза пайда және активтерді сату

Компанияның негізгі қызметінен түскен таза пайда небәрі 34,5 миллиард теңге болды. Алайда, есепте көрсетілген жалпы таза пайда 141,9 миллиард теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіштің басым бөлігі (107,5 миллиард теңге) «Tele2/Altel» ұялы байланыс операторын Катардың Power International Holding компаниясына сатудан түскен табыс. Яғни, компанияның нақты пайдасы сату операциясын есептемегенде төрт есе аз.

Мемлекеттік қолдау және қарыздар

«Қазақтелеком» жыл сайын мемлекеттен шамамен 30 миллиард теңге көлемінде субсидия мен өтемақы алады. 2025 жылы компания радиожиіліктерді пайдаланғаны үшін 21,3 миллиард теңге, ал ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін 7,9 миллиард теңге субсидия алды. Бұл қаражатты компания интернетті дамытуға бағыттауға міндетті.

Компанияның жалпы қарызы 2025 жылдың соңында 673,5 миллиард теңгеге жетті. Оның ішіндегі ең ірі кредиторы – «Самұрық-Қазына» қоры, оған компания 183,6 миллиард теңге қарыз. Компанияның қысқа мерзімді міндеттемелері айналымдағы активтерінен 123,1 миллиард теңгеге асып түскен, бұл компанияның жақын арадағы қарыздарын өтеуге қаражаты жетпейтінін білдіреді.

Басшылыққа төленген сыйақы және дивидендтер

2025 жылы «Қазақтелекомның» басшы қызметкерлеріне 752,3 миллион теңге сыйақы төленді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 17%-ға аз. Акционерлерге төленген дивидендтер 2024 жылы 293,4 миллиард теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда сегіз есе көп.

Қызмет көрсету бағасы

2026 жылдың басында кейбір абоненттер байланыс қызметтерінің бағасының өскенін байқады. Компания мұны ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін өсуімен түсіндірді. Сонымен қатар, компания жеке тұлғаларға интернет қызметін көрсетудің шығынды екенін мәлімдеді.

Новости

Реклама