Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
"ҚазАзот" зауытындағы апаттан кейін төрт жұмысшы ауруханаға түсті: екі адам реанимацияда

"ҚазАзот" зауытындағы апаттан кейін төрт жұмысшы ауруханаға түсті: екі адам реанимацияда

18 шілде күні Ақтаудағы «ҚазАзот» кәсіпорнында болған өндірістік апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, екі жұмысшы ауыр күйікпен реанимация бөліміне, қалған екеуі травматологияға жатқызылған.

"Зардап шеккендерге көмектесу үшін еліміздің бас реаниматологы мен күйік медицинасының жетекші мамандарын жұмылдырдық. Жұмысшылардың жағдайы тұрақты, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр," — делінген ресми хабарламада.

Апатқа байланысты Маңғыстау облыстық еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп, отпен жұмыс жүргізуге рұқсат құжаттары болмағанын анықтаған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің "Еңбекті қорғау ережесін бұзу" бабы бойынша іс қозғалды.

«ҚазАзот» компаниясы бұл оқиғаны "ерекше ауыр өндірістік апат" деп бағалап, зардап шеккен қызметкерлер мен олардың отбасыларына қажетті көмек көрсететінін мәлімдеді.

Кәсіпорын 2005 жылы Ақтауда құрылған. Компания аммиак селитрасы, аммиак пен азот қышқылын өндірумен айналысады. «ҚазАзоттың» негізгі иесі – кәсіпкер Бахаридин Аблазимов, оның байлығы Forbes Kazakhstan мәліметі бойынша 295 миллион долларға бағаланады.

You Might Also Like

Новости

Реклама