
- 21 июл. 2025 15:35
- 42
Газа: Израиль шабуылынан 67 палестиналық қаза тапты
Газа секторында Израиль әскери күштерінің шабуылынан 67 палестиналық мерт болды. Тағы 150-ден астам адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы Газа денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қанды оқиға жексенбі күні Газа солтүстігіндегі Әл-Судания ауданында орын алған. Аталған аймаққа гуманитарлық көмек Зиким бақылау-өткізу бекеті арқылы жеткізілген болатын. Алайда Израиль тарабы бұл маңда «қауіп төндірген мыңдаған палестиналық жиналды» деп, оқ атқанын растады.
Соңғы апталарда дәл осы тәрізді гуманитарлық көмек пунктерінде ондаған бейбіт тұрғын қаза тауып жатыр. Кейбір дереккөздер аштықтан көз жұмғандар бар екенін де алға тартады.
Израиль тарапы бұған дейін бұл аудандардан тұрғындарды эвакуациялау жөнінде жаңа бұйрықтар бергенін мәлімдеген. Алайда, бұл эвакуациялар бейбіт халықты құтқаруға емес, олардың өмірін одан сайын қиындата түскен сыңайлы.