Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қорқыттың сарыны
Кешегi кеткен Ер Қорқыт
Кейiнгi жанға болды ұмыт‚
Сарынын соның салайын,
Ескi әуез демей құлақ тұт.
Аңғармай кетпе арынмен.

Қобызбен Қорқыт сарнаған‚
Болмады жерi бармаған.
Мұңлы әнмен өмiр суреттеп‚
Сол әнiн саған арнаған‚
Ашулы, зарлы сарынмен.

Қорқыт – түбi түрiк, қалмақ‚
Ойы – өмiр мен өлiм жайын әнге дәл салмақ.
Ол ән аяғын сөзсiз сарынмен,
Шер тарқатыпты зарлап.

Басында жырмен бастаған‚
Екi рет жырлап тастаған.
Аяғын әнмен шырқатып‚
Бiр ауыз сөздi қоспаған.

Әсерлi үнмен толғаған‚
Сол әндi ойым ұнады‚
Зарласам көңiлiм тынады‚
Сарынға өлең салдым мен‚
Түп-түгел сөз боп шығады.

Көрiндi түзу сол маған‚
Жасқа ұнамайды сарын.
Қайдан бiледi ол кәрiлерде не сыр, ой барын.
Жат құлағына жастың мұндай ән‚
Ол сезе ала ма нәрiн?

Бұл әнге өлең салғаным –
Бұрыннан ойдағы арманым.
Сарнайтын мұны бақсы жоқ,
Жек көрдiм ұмыт қалғанын.

Ескiден қалған бiр жұрнақ
Жақпаса қойсын жастарға.
Жырлаймын ойлы мастарға,
Мен өлсем‚ сарын жоғалар,
Қимадым көмiп тастарға.

Сондықтан айтқан бұл жұмбақ сарын
Тез жайылар бойға.
Айдап түсiрер сен бiлмеген тiптi жат ойға.
Жын бақсыларға келер сондықтан,
Жас жиналғандай тойға.

Сарынға жастар салмасын,
Арам жын келiп қалмасын.
Таза ақыл табам деп жүрiп,
Абыройын жойып алмасын.

Сақ болсын сонан жастарым,
Хақиқат жолға бас ұр да,
Арақ іш әуел басында,
Мас бол да шақыр таза жын.
Ол дайын болар қасыңда,
Шақырма iшпей мастарың.

Байқа, ал, шақырам жынды,
Ойла тереңнен, ненi iшемiн, шақырам мен кiмдi?
Ол адамдыққа менi жеткiзер,
Сол жояды шер-мұңды.

Алып кел арақ тазасын
Денеме нұры тарасын.
Ұйқыдан әбден оятып,
Жаралы жүрек жамасын.
Мас болмай кiрмес ақылым‚

Қойқаптан қозғал‚ жындарым.
Тауып кел iстiң шындарын‚
Хақиқат айтсам адамға,
Бiлмеймiн кiмнiң тыңдарын?
Сынайын терiс‚ мақұлын,

Берi кел, тотсыз асыл айнам.
Бiлдiр анығын‚ не хақиқат, не жөн, не пайдам?
Сал тура жолға менi, жетекшiм,
Бұл – сынасатын майдан.

Бақсымын жырлап сарнаған,
Денем жоқ әсер бармаған.
Мидағы жыным‚ түгел кел,
Хақиқат iске арнаған!

Басайын қобыз пернесiн!
Монтаны талай мұндар бар.
Нәпсiге ерген сұмдар бар,
Адамды аңша аулатқан.
Алдамшы, арсыз жындар бар,
Ондайлар маған келмесiн.

Олар – жәдiгөйлер жайтаң,
Ойды улатып‚ көздi байлап жүрген қу сайтан.
Сол Хақиқатты айтам!


You Might Also Like

Новости

Реклама