
- 06 июн. 2025 19:09
- 25
Құлсарыда жоғалған 8 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды, күдікті ұсталды
Құлсарыда жоғалған 8 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды, күдікті ұсталды
Атырау облысы Құлсары қаласында жоғалып кеткен 8 жастағы қыздың денесі Кұрсай өзенінен табылды. Бейнебақылау камераларынан алынған жазбада қыздың белгісіз ер адаммен өзен жағасына қарай кетіп бара жатқаны көрінеді.
Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, қоғамнан оны таныған немесе қандай да бір ақпараты бар азаматтарды жедел түрде хабарласуға шақырды. Қыздың өліміне қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.