Последнее обновление

(Время обновление 5 месяцев назад)
Қырғызстан мектептерінже 12 жылдық білім беру жүйесі енгізіледі

Қырғызстан мектептерінже 12 жылдық білім беру жүйесі енгізіледі,деп хабарлайды Infohub.kz.

Қырғызстан үкіметі жалпы білім берудің жаңа мемлекеттік стандартын бекітті. Жаңа жүйе 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап іске қосылады. Бұл реформа білім сапасын жақсартуға және ұлттық білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған.

Жаңа білім беру жүйесінің құрылымы:

Бастауыш білім – 1-6 сыныптар
Негізгі білім – 7-9 сыныптар
Орта білім – 10-12 сыныптар

12 жылдық жүйеге көшумен қатар, оқушыларды бағалау жүйесі де өзгереді. 1-3 сыныптарда дәстүрлі баға қою алынып тасталып, 4-сыныптан бастап баллдық бағалау енгізіледі. 7-12 сыныптарда критериалды бағалау әдісі қолданылып, оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді.

Қырғызстанның білім министрі Догдуркүл Кендирбаеваның мәлімдеуінше, бакалавриаттың оқу мерзімі 4 жылдан 3 жылға қысқартылады. Себебі кейбір университеттік бағдарламалар мектептің жоғары сыныптарында оқытылатын болады.

Бұл өзгерістер елдегі білім беру сапасын жақсартып, оқушылардың халықаралық стандарттарға сай дайындалуына мүмкіндік береді деп күтілуде.

You Might Also Like

Новости

Реклама