tengrinews.kz
- 15 февр. 2026 11:00
- 128
Қырғызстанда Камшыбек Ташиевтің жиені қызметінен босатылды
Қырғызстанда көлік прокуратурасының бастығы Нургазы Матисаков қызметінен босатылды. Бұл туралы прокуратурадағы дереккөздер хабарлады.
Нургазы Матисаков бұған дейін Ала-Бука, Жайыл және Ысық-Ата аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, 10 ақпанда Қырғызстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған Камшыбек Ташиевтің өзі де отставкаға кеткен болатын.